«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зеренді «Жайдарманшылары» жеңіспен оралды.

16.12.2019

  «Әзіл адамның өмірін ұзартады» демекші, Қызылтаң орта мектебінің  10-13 жасар жеткіншіктерінен құраған «Қызылтаң тентектері» атты жайдарман тобы Зеренді ауданында өткен «Жайдарман – Жас Ұлан» сайысына қатысып бас жүлдені жеңіп алып, облыстық жайдарман сайысына жолдама алдық. «Жастар жылы – жастар қуаты» деген тақырыппен өткен бұл сайыс— жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту  мақсатында өткізілді.

   Бурабай өңірінде өткен облыстық жайдарман сайысы, қызықты да тартымды болып ұйымдастырылды. Жеңімпаз оқушыларымыз «Звёдный» сауықтыру лагерінде 2 күн дем алып, Шучьие қаласының мәдениет үйінде  өз өнерлерін көрсетті. Алты оқушыдан  құралған жайдарман командасы, он бір ауданның ішіндегі «Ең кішкентай әзілқой топ» деген  әділқазылардың бағасын алды. Осы сайыста да көрермен көңілінен шығып, өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, екінші орын алдық. Топ басшысы  Аккузов Адай және  Балтин Қорғанбек, Болат Аман,Бейсейіт Темирлан,Төлеген Аян,Негметжан Еркебұлан  сынды жастары биыл ғана 10 жасқа толса да, өте қулықшыл, әзілге жандары жақын , айтқанды екі етпей орындайтын нағыз жайдарманшылар! Бұл сайыста әр оқушы дипломмен,  сорбуфер естелік сыйлығымен және  жайдарман кубогын,ал жалпы команданы  және топ жетекшісін дипломмен марапаттады. Алдағы уақытта тағы да жас жайдарманшылардың қатарын көбейтіп,  өнерлерін шыңдау басты мақсатымыз  деген ойдамын.

 

                                   «Қызылтаң тентектері»

командасының жетекшісі:

Жумабаева Мархаббат Батырбековна

Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст