«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Төрлет, төрлет Жаңа жыл - 2023

11.01.2023

 «ТӨРЛЕТ, ТӨРЛЕТ ЖАҢА ЖЫЛ – 2023!»  мерекесінің сценариі.

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

Әйнек алдында бір бала ойланып отырады да,  Аяз-атаға хат жазады.

 

    «Құрметті Аяз ата! Міне жаңа 2023 жыл да келіп қалды. Сізді асыға күтудемін.

Мен Ұлыбритания тұрғыны Джон боламын (Қорғанбек). Жаңа жыл қарсаңында тілек тілеп шырша астына хат жазып қалдырсаң, сол тілегің орындалады дейді. Ал менің осы жылы Жаңа жыл мерекесін басқа елде қызықты қылып өткізсем деймін, осы тілегім орындалса деймін. Сау болыңыз! Рахмет Аяз ата!» - деп хатты шырша астына қояды да, ұйықтайды.

Ескі жыл «барыс» шығады (Даяна):

  • Ооо, қандай керемет шырша! Иә, Жаңа жыл да келіп, менің кететін уақытым таяп қалыпты.  Мынау не? Хат қой!

Хатты оқиды.

  • Кетпес бұрын мына баланың тілегін орындасам жақсы болады. Мен қазір сиқыршы қызды алып келейін (Сиқыршы кызды алып келеді-Ақерке).

Барыс: Сиқыршы қыз мына баланың тілегі басқа жақта Жаңа жыл мерекесін қызықты қылып тойлағысы келеді. Сол тілегін орындашы.

Сиқыршы: Жарайды, онда оны бүгін ҚР Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылында болып жатқан Жаңа жыл мерекесіне жіберейін. (Уф, суф – ахалай-махалай-деп таяғымен сиқырлайды).

Шам жағылып мереке басталады.

Фанфары ойнайды.  Жүргізушілер ортаға шығады.

1-жүргізуші:Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!

                      Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!

2-жүргіуші: Келді міне жаңа жыл,

                      Қуантуға біздерді

                      Құтты болсын жаңа жыл!

                      Құттықтаймыз сіздерді!

1-жүргізуші: Бүгінгі «Төрлет, төрлет  Жаңа жыл-2023» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:

Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса достық бірлік туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Темирбаева Г.С береміз.

1-жүргізуші: Иә, мерекелік кешімізді бастасақ, бастайық. Онда алдарыңызда мерекенің ашылуына арналған «Жаңа жылдық вальс» қарсы алыңыздар!

2- Жүргізуші:
- Ескі жыл сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге болғаның үшін рахмет. Көңіл көтеріп, ән салып, би билеп сені шығарып салайық.
 

 

 

 

- Ескі жылымыздың құрметіне 5-сыныптың орындауында ән. Қарсы алыңыздар. Жаңа – жыл әні
(Дильнәз қоян жылы келеді.)

2-Жүргізуші:

Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге,

Мен бастайын, ал сендер

Аяқтаңдар ойынды

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр.

Келе жатыр, Жаңа жыл!

Қоян жылы:

Ой, жарайсыңдар!

Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар
Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар
Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар. Сәлеметсіздер ме? Кешіккен жоқпын ба? Мен сондай асықтым, сондай жүгірдім. Кешігем деп қатты қорықтым. Міне орталарыңа да келіп жеттім. Мен келген сәттен бастап қадамым құтты, еліміз берекелі жыл болмақ. Тілегім болсын мәңгі ашық аспан, 2023 жылға қадам басқан, гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!
1-Жүргізуші: Ал енді кешіміздің көркін келтіретін Аяз атамыз бен Ақша қарымыз қашан келер екен? (есік жаққа қарайды)

Қоян: Асықпаңдар, олар келіп қалады, мен үлгермей қаламын деп асығып озып кеттім, ауыр сыйлықтарын арқалап жете алмай келеді.

1-жүргізуші. Онда Аяз ата мен ақшақар келгенше ойын ойнайық.

Ойын №1. «Рубрика кім жүйрік» деп аталады.

Бірнеше жұп ортаға шақырылады. Ер адамдарға қалың қысқы қолғаптар беріледі. Ал қыздарды қысқы киіммен қолғаппен киіндіреді. Ер балалар серіктес қыздардың үстіндегі түймелерді қолғаппен тез тағып шығуы тиіс. Кім жылдам аяқтайды сол жеңімпаз.

2-жүргізуші

Достар мен жақсы хабар естідім.

1-жүргізуші

Ол қандай хабар?

2-жүргізуші

Біз әңгімелесіп тұрғанда Аяз ата мен Ақша қар да, мінекей, келіп қалыпты. Қол соғып, қошемет көрсетіп қарсы алайық. Қанекей балалар барлығымыз қосылып Аяз атамызды шақырайық.

Балалар: Аяз Ата!Аяз ата!

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана «4» -пен, «5»-ке оқыңыздар!

Ақшақар: Саламатсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп, есікті зорға ашып жеттік-ау! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Қош келдің, Жаңа жыл! Жақсылықтың нышаны бол, барлық шаңыраққа береке-байлық әкелгейсің!

Аяз Ата: Ал, айналайын, жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл!

Аяз Ата:

Армысыңдар, қарақтарым,

Армысыңдар, құлындарым!?

Жаңа жылды алып келдім,

Ақ шырақты жағып келдім!

Сендерге мына балаларым,

Тәтті сыйлық алып келдім!

Олай болса, сендерге сыйлығымды үлестірейін! Ол үшін сендер маған өнерлеріңді көрсетуге тиіссіңдер.

Ақша қар: Мәссаған, Жаңа жылдық шыршаның шамдары жанбапты ғой, ата сіз шыршаны жағып беріңізші.

Аяз ата: Расында да, шыршамыз жанбай тұр ғой, жағайық (таяғымен шыршаны жағады).

1-жүргізуші: 

Аяз ата, енді біздің балалар сізге өз өнерлерін көрсетуге дайын.

(Музыка ойнайды).

Ортада 9-сыныптың орындауында «Жаңа жылдың жарқыраған шамдары» әнімен.

2-жүргізуші: 

Иә, Жаңа жыл қош келдіңіздер, әрі қарай біздің оқушылардың өнерін бірге тамашалаңыздар!

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамсанады барлығы,

Өнерлеріне қараса – деп ортаға  7-8 сыныптың орындауында көрініс «ШОК» қарсалыңыздар!

1-жүргізуші: Ойын №2.

Келесі кезекті ойынға береміз. «Әріпті таңда» атты ойын.Ойынға 3 бала шығады.Өздеріне ұнаған бір әріпті таңдап, сұрақтар қойылады. 

2-жүргізуші: 

Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші қызым, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді – ортада 10-11-сыныптардың орындауында «Jingle bells әні», қарсалыңыздар!

1-жүргізуші: 

Жылды тойлап бүгін біз,

Билеп ойнап қайтамыз.

Келіп Аяз атамыз,

Көп қызыққа батамыз – дегендей ортаға 7-сыныптың орындауында флешмоб. Қарсалыңыздар.

1-жүргізуші: 

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!  

Келесі кезекті ойынға береміз. №3 «Шыршаны безендір» сайысы                                 Ойын үшін бірнеше лента, жылтырақ пен ойыншықтар (ойыншы санына қарай) қажет. Шырша ретінде қыздар ойнайды. Олар бір қолына лентаның бір ұшын ұстап тұрады. Ал ер адамдар қолдарын тигізбей, еріндерімен басқа шетін қысып, өз ханымын безендіреді. Қай жұптың «шыршасы» әдемірек болса немесе қайсысы бірінші бітірсе, сол жұп жеңеді.

1-жүргізуші. Ортаға 8-сынып оқушыларының орындауында Жаңа жыл әні

2-жүргізуші: 

Қане біздің қонақтар!

Басқаға мойын бұрмаңдар!

Бізге қарай жақындап

Қызық күлкі тыңдаңыздар! –  Ортаға 6-сыныптың орындауында «Марианеткалар» биі.

1-жүргізуші: 

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Келесі кезекте 5 сынып оқушыларының орындауында Жаңа жыл биі

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!Ал енді біз кетпей тұрып оқушыларға сыйлықтар таратайық. Амандықта болыңдар!

Ақша қар: Сау болыңдар, балалар!

2-жүргізуші: 

Ал, балалар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

БарлығыАяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді келесі жылы асыға күтеміз.

(Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді).

1-жүргізуші: Ойын №4.Аяз атамызды шығарып салып салдық. Енді осындай көңіл-күймен ойынға кезекті берейік.Орындықтарды қойып, би билетіп, кім соңында жалғыз қалады сол ойыншы жеңімпаз.

2-жүргізуші. Отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Осы жылы тек үлкен табыстарға жете берейік! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! 

Барлық оқушыларды ортаға шақырамыз. 10-11 сынып оқушыларының Жаңа жыл әнімен аяқтайды.

Просмотров: 301


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст