«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Еңбегімен ел таныр» атты зияткерлік танымдық ойын

23.01.2023

Тақырыбы:  «Еңбегімен ел таныр» атты зияткерлік танымдық ойын.

Мақсаты: Оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын байқау, алған білімдерін дамыту. Оқушыларды  қолөнерге, әсемдікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Барысы:Сайыстың мақсатымен таныстыру. Қатысатын сыныптар 7-8                                   

  Сайыс сабағының жоспарымен таныстыру:

1. Сұрақ жауап

2. Жүйрік болсан озып көр?                                                                                                                  Ою-өрнекпен жұмыс кілемше безендіру  (практикалық тапсырма қыздар)

3. Кім тапқыр? Мақал мәтел.

4. Дастархан Мәзірі (көкөністерді турап сәндеу).

5.  «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақсыз» зергерлік жұмыс ұлдар

6. Қорытынды сөз.

I. Ақылдылық қыздарға жарасады

Көзі ашықпен бәрі де санасады

Келесі сұрақ-жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты- дей отырып, келесі кезекті сұрақтарға жауап береміз.                            2 - кі топқа сұрақ жауап

1. Ұлттық  бас киімді ата  «сәукеле,тақия,бөрік»

2. Малдың сүтінен дайындалған ұзақ уақыт сақталатын тағам «құрт»

1. Ою өрнек түрлері нешеге бөлінеді «жануар,өсімдік,геометриялық,космогониялық»

2.Киізге ою өрнек басып жасалған кілемше «түскиіз»

1.Табиғи жүнді неден алады? «қой,ешкі»

2.Кешке жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? « Үш сағат»

1.Көкөністерден дайындалаған салқын тағам түрі? «салат»

2.Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? «каллория»

1.Қолдан тоқылған суретті кілем? «гобелен»

2.Уақытша тігістің түрі? «көктеу»

1.Талшық неше топқа бөлінеді (екі топ .химиялық, табиғи)

2.Жануарлардан алынатын талшық (түйе,қой,ешкі жүні)

 II. Жүйрік болсан озып көр?                                                                                                                   1.Сыныпқа ою-өрнекпен жұмыс                                                                                                

III. Кім тапқыр? Шеберлік, еңбек, өнер туралы мақалдардың жалғасын табу.

1)  Ерте тұрған еркектің ырысы артық,

(Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық.)

 2) Өлеңшінің сөзі алтын,

 (Өнерлінің қолы алтын)

3)  Шешеннің сөзі мерген,

(Шебердің көзі мерген.)

 4) Өнер – жас ұланнан

 (Жүйрік тай – құнаннан)

5)  Олақ адам  (от жаға алмас.)

 6) Сабыр мен еңбек( бәрін де жеңбек.)

 7) Шебер өлмес, (өнер сөнбес.)

 8) Қол өнері кілемде,(сөз өнері өлеңде.)

 9) Көз қорқақ, (қол батыр)

10) Жеті рет өлшеп (бір рет кес)

 IV. Дастархан Мәзірі (көкөністерді турап сәндеу)

 

V. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақсыз»  зергерлік жұмыс

 

VІ. Қорытындылау.

 

 

 

Просмотров: 357


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст