«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

" Мына заман, қай заман....?" 10-сынып оқушысы Мұрат Ақнұр Маратқызы.

16.02.2020

                                    Мына заман, қай заман....?

    Ұлы даланың қасиетінде сөз жоқ ой. Сол ұлы даланың ұлылығын көрсетпек болатын біз жастар! Сөз шеберлері де, қазақ халқының тарихы да, заманның көркемділігі де, халық тағдыры да осы ұлы даланың бөлшегі. Мен үшін ұлы даланың ең басты бөлшегі болып, қазақтың ұлы ақыны Абай болып есептеледі.

    Абай- ұлы сөздің ұлылығын таныта білген, халықты да, заманды да сынға ала білген, сонымен қоса сөздің қадір-қасиетін, соның ішінде өлеңнің көркемділік ерекшелігін таныта білген ақын. Абай сияқты заманға сыни көзбен қарап оны тілімен, өленімен тілімдеген, бірақ жүрегімен сүйе білген Шортанбай Қанайұлын айтсаңыздаршы. Заманға өкпелі болғанмен ақын туған жерін сыйлап, жақсы көрген. Ол кісі айтқандай:

 «Мына заман, қай заман ?

 Азулыға бар заман,

 Азусызға тар заман »,-деп нақты айтып кеткен.

    Қазіргі кезде адам баласы азулы болмаса, халық бейкүнә жанды жаншып тастайды. Бұған адам кінәлі ме, әлде заман кінәлі ме...? Заманына қарай өзгерген адам деп айтқан дұрысыр-ақ болар. Жаңа техника, индустрия, экономика, жаhандану - мұның бәрі адамға тікелей байланысты. Дамыған сайын өзгерістер әкеледі. Даму жақсы, бірақ өзгерістерге қарай өзгере берсек тарихымыз, салт-дәстүріміз, дініміз, тілімізден айырылуға дейін жетеміз ғой. Елбасымыз Н.Н.Әбішұлы айтқандай: “Ұлы даланың қадір-қасиетін, тарихын тек болашақ жастар өзгертеді!”. Сондықтан біз өскелең ұрпақ бір нәрсені өзгертпек болсақ, сол өзгерістің алғашқы тетігі өзіміз болуға тиіспіз.

  Тарихқа үңілсек тәуелсіздікке қалай қол жеткізген, қандарын біз үшін төккен аға-әпкелеріміздің жан түршіктірер бейнелері елестейді. Амал қанша,олар біз тәуелсіз Қазақстан жастары мына біздерміз деп айтатын деңгейге жеткенімізді қалады. Бірақ,олар қазіргі кезде тілін, ділін, дінін ұмытқан, салт-дәстүрге мән бермейтін ұрпақ болады деп ойламаған. Өкінішті.... Көпке топырақ шашқаным емес, жақсы адамдар жетерлік, тек сол жақсы адамдар елін сыйламайтын жастарды қолға алуда ма? Осы сұрақтың жауапсыз қалуы мені қынжылтады. Абай ата айтқандай: “Ұлы сөзде ұят жоқ!”. Қайығымыздың кері жүзуі өзіміздің күнәміз.

   Әрине ,Қазақстан жаман жаққа қарай өзгеріп, бүлініп бара жатыр демеймін.Оның басты дәлелі 1991ж. алған тәуелсіздігіміз. Одан бері қаншама жылдар сырғып өтті. Қазақстанда қаншама өзгерістер орын алды.1995ж. ата Занымыз қабылданды, ұлттық валюта теңгерімге енді. 2019ж. Қазақстан Республикасының астанасы АСТАНА атауынан Нұр-Сұлтан болып өзгерді, таққа жаңа патша отырды. 2015ж. Қысқы Азия ойындары өтті. 2017ж. Қазақстан Республикасында ‘ЭКСПО’ халықаралық көрме ұйымдастырылды. 2019ж. Жастар жылы деп жарияланды. Ал осы 2020 жылы Абай атамыздың 175жылдығын тойлауға дайындық үстіндеміз. Осының бәрі қазақ елінің жетістігі. Тәуелсіздігіміздің айқын дәлелі, қазақ халқының өз тарихтарын қастерлейтінің белгісі.

    Бүгінгі күн - ертеңгі тарих. Бәрі қас-қағым сәтте.. Көзді ашып-жұмғанша.. Сондықтан бұл жалған фәниде өтірік айтып, ұрлық жасап жүргенше, өмірімізді оқу-білімге, дінге арнағанымыз дұрыс болар. Соңғы сөзімді хәкім Абайдың сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Адам баласы дүниге келгенде екі түрлі мінезбен туады. Бірі ішсем, жесем екендейді, ал екіншісі көрсем, білсем екен дейді.» Соның көрсем,білсем екен дейтіндердің қатарынан болайықшы.Халықымызды ардақтап, тарихымызды қастерлеп, туған даламызды жақсы көріп, ұлы сөздерді ардақтасақ екен. Уақыт қарқыны зымыран. Істі бастамасақ, бәрі кеш болуы мүмкін!

                                                 Мұрат Ақнұр Маратқызы.

                             Қызылтаң орта мектебінің 10-сынып оқушысы.

Просмотров: 445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст