«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Кызылтан отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім күніне арналған салтанатты сап түзеу.

04.09.2023

 Мектебімізде "Білім күніне" арналған "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиыны аталып өтті. Салтанатты жиынға мектеп ұжымы, ата -аналар және аудан әкімінің орынбасары - Закирьянов Ерлан Жакимұлы, Ортақ ауылдық округінің әкімі Гайсин Манарбек Назымбекович және аудан білім бөлімінің әдіскері Бахытгуль Хабдылханқызы қатысты. Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізумен және мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Аудан әкімінің орынбасары Закирьянов Ерлан Жакимұлы құттықтау сөз жолдап, барша оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен қатысушы қонақтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары мектебіміздің ардагер ұстаздарына Қапарова Күнтай Қапарқызына және Алдабергенова Роза Рақымжанқызына аудан әкімі Асет Дулатұлының атынан алғыс хат табыстады.

Просмотров: 100


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст