Текст
6 сәуір күні Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында өткен World Robot Olympiad 2025 облыстық кезеңінде Қызылтаң ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары Аман Болат пен Төлеген Аян ерекше жетістікке жетті! 🤖🏆
Оқушыларымыз RoboSports категориясы бойынша өз білімдерін, шеберліктерін және робототехника саласындағы дағдыларын жоғары деңгейде көрсете отырып, жүлделі III орын иеленді! 🥉
Команда жетекшісі: Айтанов Нариман Еркокшеевич
World Robot Olympiad байқауының басты мақсаты — жас таланттардың инженерлік, бағдарламалау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
👏 Оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз! 🚀